Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа байланысты жағдай туралы ақпарат берді

0

11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3 974 адам бақылауда тұр. Ал емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанда коронавирусқа байланысты 4 мыңға жуық адам бақылауда тұр. Ал 38 адам ауруханада карантинде жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, осы уақытқа дейін шетелден келген 4650 адам медициналық бақылауға алынды. Олардың ішінде коронавирустың жұқтыру деңгейі жоғары, яғни 1 «б» санатына кіретін мемлекеттерде болған 1217 адам бар. Бүгінде 676 адам бақылаудан шығарылды.

11 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3 974 адам бақылауда тұр. Ал емдеуге жатқызылған 90 адамның ішінен 52 адам шығарылды. 38 адам стационарда жатыр.

1 «б» санаты кіретін елдер

Әлем бойынша 117 мемлекетте 38 140 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 1135 науқас қайтыс болды. Басым бөлігі — 1 «б» санаты кіретін мемлекеттердің азаматтары. Олар:

  • Қытай — 80 778 жағдай (тәулігіне + 24 жағдай);
  • Оңтүстік Корея — 7513 жағдай (тәулік ішінде + 35 жағдай);
  • Иран – 8042 жағдай (тәулігіне + 881);
  • Италия – 10 149 жағдай (тәулігіне + 977)

Денсаулық сақтау министрлігінің кеңестері

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін келесі алдын-алу шараларын сақтау қажеттігін ескертеді:

— қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

— қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;

— адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

— науқас адамдармен байланыста болмауға;

— суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Ресми ақпарат денсаулық сақтау министрлігінің Facebook парақшасында жарияланып тұрады. Қосымша сұрақ бойынша 1406 нөміріне тәулік бойы хабарласуға болады.



sputniknews.kz