Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандармен бірге келген үш жолаушыға іздеу салды – Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті коронавирус жағдайлары расталған үш рейс жолаушыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вирус

«10 наурызда сағат 02.45-те ұшып келген Франкфурт – Нұр-Сұлтан – Алматы рейсінің жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуларын сұраймыз», – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 12 наурызда сағат 06.10-да келген Мәскеу – Нұр-сұлтан № SU – 1956 рейсінің жолаушыларын және 10 наурызында келген Варшава – Нұр-Сұлтан № 195 жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға шақырды.

Айта кетсек, бүгін Қазақстанда тіркелген коронавирус жұқтырғандар саны алтыға жетті. Олар дәрігерлердің қатаң бақылауда, карантинде жатыр.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз