Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандармен бірге келген үш жолаушыға іздеу салды — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті коронавирус жағдайлары расталған үш рейс жолаушыларына үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вирус

«10 наурызда сағат 02.45-те ұшып келген Франкфурт — Нұр-Сұлтан — Алматы рейсінің жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуларын сұраймыз», — делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 12 наурызда сағат 06.10-да келген Мәскеу — Нұр-сұлтан № SU — 1956 рейсінің жолаушыларын және 10 наурызында келген Варшава — Нұр-Сұлтан № 195 жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға шақырды.

Айта кетсек, бүгін Қазақстанда тіркелген коронавирус жұқтырғандар саны алтыға жетті. Олар дәрігерлердің қатаң бақылауда, карантинде жатыр.
 

stan.kz