Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша соңғы мәліметтерді жариялады

0

Коронавирус жұқтырғандардың саны өскен жоқ, стационарлық карантинде 1 425 адам, үй карантинінде 496 адам жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз — Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 15 наурыздағы мәліметтерді жариялады.

«Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 6 науқас тіркелген: Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 425 адам, үй карантинінде 496 адам жатыр», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Барлық санат бойынша мониторингке 2 мың 507 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 619, 1 «б» санаты бойынша – 520, 2 санат бойынша – 368 адам. Мониторингке алынған 2 мың 507 адамның 424-cіне бақылау тоқтатылды. 15 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 083 адамға бақылау жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 122 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 35 адам; 2 санат бойынша – 42 адам; 3 санат бойынша — 45 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 122 адам, 62 азамат шығарылды. 60 адам стационарда қалады», — деп хабарлады министрлік.

Тағы оқыңыз: Алматы метросында жөтеліп, жолаушылардың зәресін ұшырған жігіт қамауға алынды

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.

Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.



sputniknews.kz