Денсаулық сақтау министрлігі індетті қанша адам жұқтырғанын хабарлады
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 4922 адамға жетті, оның 1003-і Нұр-Сұлтан қаласында, 1559-ы Алматы қаласында
НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Қазақстанда тағы 88 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Эпидемия қаупі қалыпты өмірге оралуға кедергі болмауы тиіс – Біртанов
«Алматы қаласында 22, Атырау облысында 18, Нұр-Сұлтан қаласында 41, Түркістан облысында 3, Маңғыстау облысында 4 науқас тіркелді», — делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша барлығы – 4922:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 1003,
- Алматы қаласы – 1559,
- Шымкент қаласы – 226,
- Ақмола облысы – 106,
- Ақтөбе облысы – 172,
- Алматы облысы – 182,
- Атырау облысы – 290,
- Шығыс Қазақстан облысы – 43,
- Жамбыл облысы – 177,
- Батыс Қазақстан облысы – 218,
- Қарағанды облысы – 186,
- Қостанай облысы – 61,
- Қызылорда облысы – 226,
- Маңғыстау облысы – 113,
- Павлодар облысы – 154,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 34,
- Түркістан облысы – 172.
Соңғы мәлімет бойынша індеттен 31 адам қайтыс болды, 163 адам жазылып шықты.
sputniknews.kz