Денсаулық сақтау министрлігі бір түнде қанша адамнан вирус табылғанын хабарлады
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1591 адамға жетті, оның 504-і Алматы, 350-і Нұр-Сұлтан қаласында
НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Қазақстанда тағы 45 адам коронавирус індетін жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Танымал қазақ әншісін полиция ұстап әкетті – видео
«Түркістан облысында 1, Алматы қаласында 9, Ақтөбе облысында 2, Атырау облысында 4, Жамбыл облысында 4, Батыс Қазақстан облысында 6, Павлодар облысында 2, Нұр-Сұлтан қаласында 4, Қарағанды облысында 2, Шымкент қаласында 11 адам тіркелді», — делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша барлығы 1591 жағдай:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 350,
- Алматы қаласы – 504,
- Шымкент қаласы – 57,
- Ақмола облысы – 81,
- Ақтөбе облысы – 25,
- Алматы облысы – 37,
- Атырау облысы – 76,
- Шығыс Қазақстан облысы – 8,
- Жамбыл облысы – 58,
- Батыс Қазақстан облысы – 39,
- Қарағанды облысы – 89,
- Қостанай облысы – 9,
- Қызылорда облысы – 143,
- Маңғыстау облысы – 12,
- Павлодар облысы – 17,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 29,
- Түркістан облысы – 57.
Соңғы мәлімет бойынша 347 адам жазылып шығып, 17 адам қайтыс болды.
sputniknews.kz