Денсаулық сақтау министрі жүкті әйелдерге төленетін 425 мың теңге туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ведомствоның жүктіліктің 12-аптасына дейін тіркеуге тұрған жүкті әйелдерге 425 мың теңге берілетіні туралы бастамасын растады.

Денсаулық сақтау министрі жүкті әйелдерге төленетін 425 мың теңге туралы айтты

Мұндай норма денсаулық сақтау мәселелері бойынша заң жобасында қарастырылған. Өзгертулерге сәйкес, жүктілігі бойынша тіркеуге 12-аптаға дейін тұрған жүкті әйелдерге кемінде 10 ең төменгі жалақы мөлшерінің көлемінде материалдық ынталандыру төлемін енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Жаңа кодекстің аясында азаматтардың денсаулығына жауапкершілікен қарауына бағытталған шаралар кешенін талқылап жатырмыз. Бүгінде денсаулық деңгейі бойынша ахуал көрсеткендей, өкінішке орай, азаматтар өз денсаулығына жеткілікті түрде жауапкершілікпен қарамай, көп жағдайда медициналық қызметкерлердің араласуын күтеді. Ең бірінші кезекте, бұл ынталандыру шарасы алдын алуға бағытталған», — дейді еліміздің бас дәрігері. 

Сонымен қатар министрлік уақытылы тіркеуге тұрмағаны үшін әкімшілік айыппұл салуды ұсынып отыр. 

Бүгінде өзгертулер қоғамда талқыланып жатыр. Заң жобасы жаз мезгілінде парламентте қаралатын болады. 

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық жүкті әйелдерге 425 мың теңгеден беру мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz