Денсаулық министрі: Қазақстанда кез келген адам екпеден бас тартуға құқылы

0
9

Бұл мәжбүрлеп жасалатын шара емес – Біртанов.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі екпенің міндетті емес екенін тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Біртанов Facebook-та мынандай мазмұнда жазба жариялады:

Тағы бір рет екпе туралы шындықа құлақ түрулеріңізді сұраймын.

1) Адамды вакцинациялау дегеніміз – жеке профилактикалық медициналық қызмет, ол қолданыстағы кодекске және жаңа кодекстің жобасына сәйкес кез-келген азаматқа сол адамның немесе оның заңды өкілінің (баланың ата-анасының) келісімімен ғана салынады.

Кез келген адам (ата-ана) одан бас тартуға құқылы.

Бұл мәжбүрлеп жасалатын шара емес.

2) Сонымен бірге, халық арасында жаппай екпе жүргізу – бұл халықты эпидемиялық инфекциялардан қорғаудың ғылыми негізделген және дәлелденген жалғыз әдісі. Демек, бұл кез-келген мемлекет үшін, кез-келген халық үшін міндетті. Бұл – денсаулығымызды сақтаудың міндетті шарасы.

3) Егер вакцинация міндетті емес болса, перзентханалар мен емханалардағы дәрігерлерге оны салу да міндетті болмайды. Ондай жағдайда бұл вакциналарды сатып алудың да қажеті болмайды. Ондайда жылына 4 миллионнан астам жаңа туған бала мемлекеттің есебінен полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызамық, көкжөтел, гепатит, пневмония және басқа инфекцияларға қарсы тегін екпе салудан босатылады.