«Денсаулығы нашарлап, қиналып жатыр». Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы тосын жайтқа тап болды

0

Әлеуметтік желіде бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Баланың анасы әлі де іздестіріліп жатыр. Әлеуметтік желіде Жәнібек қазіргі өміріне қатысты тосын жаңалықты жариялады, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол өзінің биологиялық анасын іздеу әлі де жүріп жатқанын хабарлады.

Жеке басында қиындықтар болып жатқанын да жасырмады.

«Өзіме келер болсам, жеке басым үшін соңғы кезде оңай болмай тұр. Асырап алған анамның денсаулығы нашарлап, қатты қиналып жатыр. Мен анама, алдыңғы бейнероликте сіздердің жазған жүрекжарды пікірлеріңізді оқып беріп, көңілін көтердім. Әрине бұның бәрі уақытша көңілін аулау екенін түсінемін. Ал жоспарым туралы айтар болсам, алдағы уақытта менің балалық шағымнан (балалар үйі) хабар беретін әдемі және қызықты бейнебаян жариялаймын. Және Алла қолдасын, жақында өздеріңізбен кездесемін деп үміттенемін!, — деп жазды ол.