Денис Теннің өліміне қатысты сот басталды
Күдіктілер жайлы мəліметтер белгілі болды.
Қылмыстық кодекстің 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша айыпталған Жанар Толыбаева жоғары білімді, Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алған. 23 жастағы келіншек 4 жастағы баласы бар екенін, екінші баласына жүкті екендігін айтқан. «Мен Өзбекстан Республикасының тумасымын. Қазір Қазақстан азаматшасымын. Ажырасқанмын. 4 жастағы балам бар, екіншісіне жүктімін, 6,5 ай болды», – деді Жанар Толыбаева. Ал ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергенов бұған дейін көлік жуу орнында жұмыс істеген. Бұрын ҚР ҚК-нің 178-бабының 2-бөлімімен істі болған. ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Нұралы Қиясов бұрын сотталмаған, дəнекерлеуші болып жұмыс жасаған. «Шаңырақ-1» шағын ауданында тұрып келген. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.
Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған болатын.
«Айқын» ақпарат
Дереккөз: Айқын