Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау уақыты үшінші рет ұзартылды – новости Казахстана

0

Сот қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау уақытын тағы да 15 тәулікке созды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: fromua.news

Фото: fromua.news

Денис Теннің өліміне күдіктілердің барлығы қамауда әлі 15 күн болады.

Бұл шешімді Алматы қалалық соты қабылдаған.

Осылайша, қарақшылық пен адам өліміне күдікті Қиясов 3 желтоқсанға дейін, ұрлық пен қарақшылыққа, адам өліміне күдікті Құдайбергенов 4 желтоқсанға дейін қамауда отырады.

Ал ұрлық жасау істеріне қатысқан, сондай-ақ, қылмысты жасырып қалған Толыбаева изоляторда 7 желтоқсанға дейін болады.

Мәнерлеп сырғанушының өліміне қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!