Денис Теннің өлімі: Спортшының қазасына күдікті тағы бір адам болуы мүмкін — новости Казахстана

0

Денис Теннің өліміне қатысты істе тағы бір күдіктінің бар болуы мүмкін. Бұл жөнінде жәбірленуші жақтың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров бүгін өткен сот отырысында мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: azattyq.org

Фото: azattyq.org

Оксана Тен бастаған жәбірленуші жақтың қорғаушысы оқиға орнынан түсірілген видеода тағы бір адамның болғанын айтып берді.

«Келіспейтін тұстар көп. Пышақ жарақаты 90 градустан жасалған. Қалайша Қиясов оған артында тұрып сондай соққы жасай алды? Ол артынан жүгіріп келді ғой. Денис те қарап тұрған жоқ ол кезде, төбелесті. Ойлап қараңыздар.

Оксана Алексеевна видеода тағы бір адамның болғанын айтты. Ол қашып бара жатқан. Демек тағы біреу болған. Не себепті, Қиясов пен Құдайбергенов басында жауап бергенде шатасты? Бірінші Құдайбергенов пышақ сұқтым деді. Кейіннен Қиясов» , — дейді Нұрлан Өстеміров.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысының басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Жәбірленуші жақ қылмыстық оқиғаның тапсырыспен жасалғанын алға тартты.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар