Денис Теннің анасы сот отырысында сөз сөйледі

0
Денис Теннің анасы сот отырысында сөз сөйледі


Алматыда әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты өткен кезекті сот отырысында марқұмның анасы мен сыныптасы сөз сөйледі.

Руслан Хайруллаев процесске куәгер ретінде шақырылған. Ол қылмыс болған күні соңғы рет әйгілі спортшымен кездескен еді. Екеуі мейрамханада тамақтанып шыққаннан кейін Денис Тенге ұрылар шабуыл жасаған. Оксана Тен қамауға алынғандардың өкініш те білдірмегеніне қапалы. Марқұмның анасы сотталушылардың біреуі де кешірім сұрамады, олар кінәсін сезінбеген дейді.

Еске салсақ, Олимпиада жүлдегері Денис Тен өткен жылы жазда ұрылардың қолынан қаза тапқан еді. Ізін суытқан қаскөйлерді тәртіп сақшылары бірден қолға түсірді. Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов «адам өлтіру» және «қарақшылық» бабымен айыпталса, Жанар Толыбаева қылмысты біле тұра тиісті органдарға хабарламады деген күдікке ілінген.