Деңгейлік тапсырмалар, математика пәнінен деңгейлік тапсырмалар

0
Математика пәнінен деңгейлік тапсырмалар
2 — сынып
Кіріспе
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал математика пәні бойынша жалпы білім беретін орта мектептің 2 — кластарына арналған мемлекеттік оқу бағдарламасы негізінде жасалған.
«Қазақстан Республикасының Білім туралы» Заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселе енгізіліп отырғаны белгілі. Осыған орай, оқу үрдісін оқу қызметіне сәйкестендіріп ұйымдастырса, оқушылар өз мүмкіндіктерін одан да жоғары деңгейде жүзеге асырулары әбден мүмкін.
Әдістемелік құралда баланың ақыл – ойын, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, әрекет нәтижесінде белгілі тұжырым жасауға үйрететін деңгейлік тапсырмалар берілген.
Деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырылады.
Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитынына қарамастан, жұмысын «оқушылық», «міндетті», 1 — ші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап: әрқайсысы, білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз биігіне жетеді. Бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді. Нақтырақ айтсақ — барлық оқушылардың оқу мақсатында 100% қол жеткізуінің кепілі болады және оқу пәндерінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.
Деңгейлік тапсырмаларға математика пәнінен, төмендегідей талаптар қойылады.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Жаттап алуға лайықталған болуы керек
2. Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтануына мүмкіндік беруі тиіс
3. Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
2. Математика мұндай іс — әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары т. с. с.
3. Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмаларды біз төмендегінше топтастырдық:
1. Танымдық — іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар жаттау, т. с. с. жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысын оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
2. Әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер
Қорыта келе, оқытудың жаңа технологиясы, яғни «Деңгейлеп оқыту технологиясы» еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Деңгейлік тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады. Олар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребустар сияқты әртүрлі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыпты өзі қорытындылауға тырысады, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде оқушылардың ынтасы артып, сонымен қатар қызығушылығы де күннен – күнге жоғарылай түседі. Демек, мұғалім берген тапсырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруға отырып және бағалау деңгейі жоғарылай түседі. Сонымен қатар, тапсырмалар ауқымы да өсіп, шығармашылыққа ұласады.

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/