Денесі таудан табылған әйелді өлтіргендер сотталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында денесі таудан табылған Сәбина Әбдуәлиеваның өліміне қатысты сот ісі аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «KTK» арнасына сілтеме жасап.

сот

Оны өлтірген тату салонының қызметкері Фати Омаров 14 жылға бас бостандығынан, ал қылмысты жасырып қалды деп айыпталған 25 жасар Антон Дерябин төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

«Фати Омаров жазасын қауіпсіздігі барынша күшейтілген колонияда өтесін. Ал Антон Дерябин жазасын 4 жыл шартты түрде өтесін», — деп үкім шығарды Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асқарбек Бейімбетов.

Қылмыскер Сәбина Әбдуәлиеваның жақындарына моральдық шығын ретінде 4 миллион теңге, ал мемлекетке келтірген шығыны бойынша 3 миллион теңге өтеуге міндеттелді.

Сот процесінде соңғы сөзін айтқан Фати Омаров жасаған ісіне қатты өкінетінін жеткізіп, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.  

Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Сәбина Әбдуәлиева із-түссіз жоғалып кеткені белгілі болды. Бір аптадан кейін оның денесі таудан табылған. Полиция алдымен Әйтей ауылы маңынан келіншектің өртенген көлігін тапқан. Жедел іздестіру барысында қолға түскен екі күдікті Сәбинаның мәйітін көмген жерін көрсеткен. Марқұмның артында екі баласы қалды.

stan.kz