Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі студентті соққыға жықты

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

31 0 0

Қазіргі таңда ұстаз сабақтан босатылды, оның іс-әрекетіне Алматы облысы білім басқармасының комиссиясы баға береді

АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Жаркентте көпбейінді колледждің дене шынықтыру пәні мұғалімі студентті ұрып-соқты.

Шәкірттердің бірі оқиғаны ұялы телефонына түсіріп алып, әлеуметтік желілерде таратып жіберген. Видеода спорт киіміндегі ер адам жас жігітті бұрышқа тықсырып, аяусыз ұрып жатқаны көрінеді, сонымен қатар студентті балағаттаған.

«19-шы орта кәсіптік техникалық училищесінің (СПТУ) мұғалімдері балалармен осылай қарым-қатынас жасайды. Бұл бүгін бізде Жаркентте болған», — деп жазды видеоролик авторы. 

Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, аталған факті бойынша дене тәрбиесі пәні мұғалімі сабақтан шеттетілді.

Қазіргі таңда оқу орнына облыстық білім басқармасының  комиссиясы аттанды. Тексеріс қорытындысы бойынша колледж басшылығы мен  педагогқа қатысты шара қабылданады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/