Демеу Жадраев жарқын жеңіске қол жеткізді

0

Грек-рим күресінен  77 келідегі ұлттық құраманың тәжірибелі балуаны Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны (Колумбия) 9:0 есебімен айқын жеңді.

Қарсылас тарапы өз шағымын білдіргенімен, төреші тарапы қанағаттандырмады.

Енді жерлесіміз ширек финалда 2 дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмудовпен (Қырғызстан) белдеседі.

Айта кетейік, Демеу Жадраев 2017 жылы Париж төрінде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.