Синоптик мамандар алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті. Мамандардың болжамынша, күн қайтадан суытады.
«Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді», — делінген хабарламада.
Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде: оңтүстік аймақтарда -10…-20 ℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32…-40 ℃ дейін.
Еліміздің кей жерлерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі.