Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

0

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кең ауқымды және күшті антициклон Қазақстан аймағының басым бөлігіндегі суық ауа райының жалғасуына себеп болады.

Ең төменгі түнгі ауа температурасы минус 10…18°С градус, республиканың оңтүстік жартысында кей жерлерде минус 20…28°С градусболады. Бұл климаттық нормадан 8…15°С градус төмен.

Бірақ Батыс Сібірдің және Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжыйтын атлантикалық циклондардың әсерінен, Қазақстанға Атлантикадан жылы және дымқыл ауа ағысы келе бастайды. Соның салдарынан демалыс күндері температураның жоғарылауы болжанады.

Сонай-ақ кей жерлерде қар жауып, бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15…20 м/с-ке жетеді.

Республиканың оңтүстігінде әзірше жауын-шашынсыз және температураның жоғарылауы мүмкін. Ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде әсіресе таулы аймақтарда қар жауады.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ