Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа-райы күтеді

0

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК 23-25 ақпанын күндеріне арналған ауа-райы болжамын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейдің еуропалық бөлігінде қатты қардың түсуіне себеп болған белсенді циклон Батыс Сібірге ығысады.

Бірақ онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа райына әсер етеді.

Ал, республиканың оңтүстік облыстарына Каспий оңтүстігінен фронттардың ығысуынан, жексенбі және дүйсенбі күндері жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін.

Қазақстанның қалған бөліктері атмосфералық қысымның жоғары болу аймағында болатындықтан, жауын-шашынның болуы екіталай.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz