Демалыс күндері елімізде қар жауып, боран соғады — новости Казахстана

1-4 желтоқсан аралығында қазақс нағыз қыстың қаһары күтеді деп ескертеді «Қазгидромет» РММ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:vokrugsveta.ru
Еліміздің басым аймақтарын суық атмосфералық фронт басып, оның салдарынан қалың қар жауып, боран соғады.
Алайда суық фронтқа қарсы антициклон келе жатыр. Соның салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы суытады.
Алдағы күндерге арналған ауа райы мәліметін Gismeteo.kz>>> сайтынан көріңіздер.