Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

0
99
аяз
Фото: 2.bp.blogspot.com

“Қазгидромет” РМК мамандары 22-24 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанға жеткен антициклон алдағы күндері әлсірей бастайды. Бірақ Таймыр төңірегінде жаңа антициклон қалыптасып, күшейе отырып Батыс Сібірдің орталық аудандарына ығыса бастайды және оның сілемі Қазақстанға әсерін тигізеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде суық, көбіне жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады, қар тек республиканың жеке аймақтарында жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман түседі, батыс аймақтарда да тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда бұрынғыдай түнде 30-39 градус аяз болады, бұл климаттық нормадан 7-10 градусқа төмен.

22 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігіне антициклон слемі ықпал етеді, соған байланысты күн аязды, жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында да тұман түседі. Ақтөбе облысының жекелеген аудандарында жел күшейеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты аяз болады.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz