Демалыс күндері Астанада 40-тан астам мас жүргізуші анықталды

0

Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 800-ден астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды.

9-11 қараша аралығында елорда аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде көлік құралын мас күйінде басқаратын тұлғаларды анықтау үшін іс-шаралар көптеп өткізілетін аумақтарда және демалыс орындарында, ойын-сауық мекемелері мен басқа да қоғамдық орындарда патрульдеу ұйымдастырылды.

«Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 800-ден астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде, 40-тан астамы жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде басқаруы, 160-қа жуығы жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамауы, 30-дан астамы жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамағаны, 50-ге жуығы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, 150-ге жуығы жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзу және т.б. құқық бұзушылықтар анықталды», – деп хабарлайды Жергілікті полиция қызметі басқармасының баспасөз қызметі.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз