Дельтапланмен ұшқан ер адам өлім аузынан қалды

0
Дельтапланмен ұшқан ер адам өлім аузынан қалды


Дельтапланнан бір қолымен ұстап, салбыраған күйі аспанға ұшқан ер адам бір өлімнен аман қалды.

Флорида қаласының тұрғыны зайыбымен бірге саяхатқа шыққан туристік сапары кезінде өмірінде алғаш рет дельтапланмен ұшып көрмекке ниеттенген. Жергілікті гидке осы тілегін айтып, қызмет үшін ақшасын төлеген соң, ол Швейцарияда Альпі тауының үстімен, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктіктен ұшуға бел буған.

Алайда, ер адам әуеге көтерілген соң, ұшқыштың сақтандыру жүйесін бекітпегенін бір-ақ білген. Ер адам бір қолымен дельтапланнан мықтап ұстап, екінші қолымен инструкторға жармасып, екі минуттан артық уақыт бойы ұшты.

Кез келген сәтте қолы шығып кетіп, төменге құлдилауы әбден мүмкін еді. Бірақ, абырой болғанда, қайғылы оқиға орын алған жоқ. Ер адамның қолына ғана зақым келіп,жерге қонған соң бірден ауруханаға барған.