Дельта-штамм Ухань врирусына қарағанда 2 есе жұқпалы — ДДСҰ

0

Дельта коронавирусының үнділік нұсқасы Уханьда кездесетін бастапқы штамнан екі есе жұқпалы. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас зерттеушісі Сумя Сваминатан айтты, — деп хабарлайды KzNews.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап .

Сұрақ-жауап сессиясы ДДCҰ-ның Twitter парақшасында таратылды.

Оның таралу жылдамдығын ескере отырып, Сваминатан дельта нұсқасы әлемдегі коронавирустың басым штаммына айналуы мүмкін деді.

«Жақсы жаңалық — қазіргі кезде бүкіл әлемде қолданылатын вакциналардың көпшілігі, ең болмағанда, ауыр сырқаттардың алдын-алуда тиімді болып көрінеді», — деді Сваминатан.

ДДCҰ мәліметтері бойынша, дельта коронавирусы әлемнің 92 елінде тіркелген.

Бұған дейін коронавирустың дельта-нұсқасының айналым ықтималдығы Қазақстанда да анықталған болатын. Нұр-Сұлтанда коронавирустың үнді штамы науқастардың 56 пайызында алдын-ала расталған . COVID-19 таратпау жөніндегі ВАК карантиндік шектеулерді күшейту туралы шешім қабылдады .