ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Маман шектеулерді жеңілдеткен елдерде вирус өршіп бара жатқанын атап өтті. Егер бұған мән бермесе, вирус жұқтырудың екінші толыны әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып жатқанын айтты.

Ханс Клюгенің айтуынша, негізгі себептердің бірі — инфекцияны зертханада анықтау тәсілінің өзгеруі.

«Әзербайжан, Қазақстан сынды елдер соңғы бірнеше аптада тест жасау стратегиясын қайта қарастырды. Енді эпидемиологиялық бақылау жүйесінің арқасында COVID-19 жұқтырғандар көбірек анықталып жатыр», — деді ол.

Маман әлемде карантин шаралары кезең-кезеңмен алынуы керек екенін айтып отыр. 

«Біз шектеулерді жеңілдеткен елдерде вирус өршіп бара жатқанын көріп отырмыз. Егер бұл тенденцияға мән бермесек, екінші толқыны әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін», — деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі. 

Еске сала кетсек, кеше, 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясының екінші толқыны басталып кеткенін айтқан болатын. 

Министрдің айтуынша, әлем бойынша бірде-бір мемлекет коронавирусты толығымен жоймаған. Вакцина шықпайынша, я болмаса, инфекцияның өзі әлсіремегенше екінші толқыны да, үшінші толқыны да келе береді.



sputniknews.kz