ДДҰ коронавирустың аяқталу мерзімін атады

0

ДДҰ есептеуі бойынша, COVID-19 пандемиясы екі жылдан аз уақытта аяқталмайды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты.

Оның айтуынша, 1918 жылғы «Испан тұмауы» эпидемиясымен салыстырғанда, ол да 2 жылға созылған, ДДҰ-да қазір технологиялар көп.

— «Байланыс көп болса вирус тез тарайды, бірақ бізде оны тоқтату үшін технологиялар бар. Сондықтан бізде жаһандану және өзара байланыста кемшілік болғанмен, технологиялар жағынан артықшылық бар», — деді ұйым басшысы.

Бұған дейін ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан адамзат коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті әлі қалыптастырмайтынын айтқан еді.

Oinet.kz