ДДҰ коронавирусқа қарсы танымал әдісті жоққа шығарды
Қысқа сілтеме алу
Ұйым мамандары бір нәрсенің бетін зарарсыздандыру арнайы құралдар мен шүберекті қолдануға кеңес беріп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы дезинфекциялық заттарды шашу немесе фумигация жасау шараларының тиімсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ұйым мамандары бір нәрсенің бетін зарарсыздандыру арнайы құралдар мен шүберекті қолдануға кеңес беріп отыр. Оған дейін органикалық кірдің қалдықтарын щеткамен, я болмаса, қырнауышпен алып тастаған жөн.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дезинфекциялық құралдардың далада өз тиімділігін жоғалтатынын да жеткізді. Себебі арнайы химикаттар сазбен араласқанда вирусқа қарсы әсері жойылады. Ал жабық бөлмеде ондай дезинфекция адам денсаулығына зиян.
«Ондай құралдарды адамдарға, мәселен, дәліздерде, кабинеттерде және тағы басқа бөлмелерде шашуға болмайды. Ондай шаралар психологиялық тұрғыдан да, физиологиялық жағынан да зиянды және науқас адамнан коронавирустың ауамен немесе тікелей қатынас арқылы таралуын тоқтата алмайды», — делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, дезинфекциялық құралдарды фумигациялау кезінде көз бен теріні тітіркендіріп, бронхтардың қысылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Адамның жүрегі айнып, құсуы мүмкін.
Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша коронавирустың жұқтырғандардың саны күн сайын артып келдеі. Науқастардың жалпы саны 4,5 миллион адамнан асты. 300 мыңнан астам адам қайтыс болды.
sputniknews.kz