ДДҰ: Еуропа коронавирустың екінші толқынына дайындалуы керек – Қазақстан жаңалықтары

0
39

Еуропа елдері күзде немесе қыста коронавирус инфекцияның екінші толқынына дайын болуы керек, деп мәлімдеді ДДҰ Еуропа бойынша аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph-қа сілтеме жасап.

коронавирус тест

Ол COVID-19-дың екінші толқыны қазіргіден гөрі өлімге көбірек әкелуі мүмкін деген пікір білдірді және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңа ауруға дайындауға, сондай-ақ вирус жұқтырған адамдардың байланысын бақылау мүмкіндігін арттыруға шақырды.

ДДСҰ аймақтық кеңсесінің директоры сонымен бірге Еуропадағы эпидемия орталығы шығыс елдеріне: Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанға көшкенін ескертті. Ол кейбір елдердің: «Біз Италия сияқты емеспіз», – деп жүргендерін. «Ал екі аптадан кейін – дүрбелең басталып кетеді! Біз өте сақ болуымыз керек», – деп аяқтады шенеунік.

Клюге билікке сенімсіздік және түрлі қастандық теориялары коронавируспен күресуге айтарлықтай зиян келтіретінін айтты.

stan.kz