ДДҰ 2019 жылы қоғамдық денсаулықты сақтауға төніп тұрған 10 басты қауіпті атады

0

«Екпе арқылы алдын алуға болатын қызылша мен дифтерияның, антибиотиктерге төзімді қоздырғыштардың таралуынан, семіздікке дейін және ауаның ластануынан орын алатын аурулардан басқа – ДДҰ адамзаттың ұжымдық денсаулығы үшін барынша қауіпті деген онын атады», — деп хабарлады бейсенбіде БҰҰ-нан. 

Осы жылы қоғамдық денсаулық сақтауға төніп тұрған қауіптер қатарында мыналар аталған: ауаның ластануы мен климаттың өзгеруі, жұқпалы емес аурулар (диабетті, обыр мен жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларын қоса алғанда), тұмау індеті, антибиотиктерге төзімділік. Эбола мен басқа да қауіпті инфекциялар, алғашқы медико-санитарлық көмек жүйесі, екпеден бас тарту, Денге және ЖИТС. 

«Биыл ДДҰ қызметінде жаңа кезең басталды – бесжылдық — есеп бойынша 13-ші — денсаулық сақтау саласындағы жаһандық бағдарлама басталды. Ол үш миллиард адамға есептелген: бір миллардқа медициналық сақтандыруы бар адамдар саны артуы керек, миллиардқа – денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардан қорғалғандар саны артуы, тағы миллиардқа 2023 жылға қарай жер шарының тұрғындары өздерін барыша дені сау етіп сезінулері керек. Осы мақсаттарға жету үшін, ең алдымен, денсаулық сақтау саласындағы ең маңызды қауіптерді жою керек», — деп атап өтті БҰҰ.

Дереккөз: http://egemen.kz/