ДДСҰ: «Сау адамдарға маска киюдің қажеті жоқ» — Қазақстан жаңалықтары

0

Дені сау адамдарға маска киюдің қажеті жоқ, өйткені олар өздігінен COVID-19-дан қорғамайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронвирус

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Тарик Язаревич қолдан жасалған бетперде мен дизайнерлердің маскаларының жаппай сатылуына байланысты осындай мәлімдеме жасады.

«Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Масканы кию сау адамдарға қажет емес. Симптомдары бар адамдар басқаларды қорғау үшін маска кию керек. Сондай — ақ, науқас адамдарды күтетін адамдар, мысалы, үйде маска кию керек, себебі олар жұқтыруы мүмкін», — деді ол.

ДДСҰ өкілі «маска вирустан қорғаудың кепілі бола алмайтынын» атап өтті.

Ол бүкіл әлем бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің ең бірінші болып қажетті қорғаныс құралдарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі керектігін атап өтті. Ондай мүмкіндікке қол жеткізу үшін қарапайым азаматтардың осы материалдарды жаппай сатып алуын шектеу керек.

«Мұны басқа шаралармен бірге қолданған жөн. Мәселе мынада: маска кию адамдарға жалған қауіпсіздік сезімін тудыруы мүмкін. Олар қол жуу сияқты басқа да нәрселерді ұмытып кетеді. Егер сіз масканы қалай дұрыс киюге болатынын білмесеңіз, онда бетіңізге әдеттегіден жиірек тиісесіз», — деді Тарик Язаревич.

 

stan.kz