ДДСҰ: «Қазақстандағы «беймәлім пневмонияны» коронавирус деп есептейміз»

0

ДДСҰ Қазақстандағы «беймәлім пневмонияны» назарға алды.

«Оның күрт өсуінің көптеген түсіндірмесі бар. Қазіргі таңда жергілікті тиісті органдармен әріптестік орнатып, нақты жағдайды зерттеу басталды» дейді ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар бойынша жетекшісі Майкл Райан.

«Аталған елде вирус жұқтырудың ерекше өсімі тіркелді. Өткен жеті күнде 10 мыңнан аса жаңа жағдай мақұлданды. ДДСҰ тестілеу кезінде теріс нәтиже берген жағдайларды зерттеп, тестілеудің сапасын бақылайтын болады. Негізі «беймәлім пневмонияны» коронавирус деп есептейміз.

Алайда, нақты бір байламға «беймәлім пневмонияның» коронавирус сипмтомдарына сәйкестігін анықтап, оның рентгенографиясын зерттегеннен кейін келеміз.»

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз