ДДСҰ ковидтың алғашқы вакцинасына рұқсат берді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Pfizer компаниясы BioNTech-пен бірге шығаратын коронавирустық вакцинаны шұғыл қолдануға рұқсат берді. Бұл туралы ДДСҰ Twitter-де хабарлады.
«Вакцина қауіпсіздік пен тиімділіктің міндетті критерийлеріне сәйкес келеді, оны аурумен күресу үшін қолданудың артықшылықтары ықтимал тәуекелдердің орнын толтырады», — деді ДДСҰ өкілі.
Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған коронавирустық алғашқы вакцина. Кейінірек ол тұрақты пайдалануға рұқсат ала алады.
Керімсал Жұбатқанов