ДДСҰ коронавирустан қорғанудың танымал әдісін зиянды деп атады — Қазақстан жаңалықтары

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мамандары жабық үй-жайларды дезинфекциялық аэрозольдермен өңдеу коронавирусқа қарсы күресте пайдасыз ғана емес, сонымен қатар денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ұйымның баяндамасына сілтеме жасап.

дезинфекция

Құжатта дәліздерде, кабинеттерде немесе басқа да үй-жайларда шашқан кезде зарарсыздандырғыш заттар көздің зақымдалуына, терінің және тыныс алу жүйесінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін екендігі атап өтілген.

«Шашу ешқандай жағдайда ұсынылмайды. Ол адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін және вирустың жұқтырған адамнан ауамен тамшылап немесе тікелей байланысу арқылы таралуын азайтпайды», — делінген хабарламада.

ДДСҰ үй-жайларды өңдеу қажет болған жағдайда зарарсыздандырғыш заттар малынған әдеттегі шүберекті пайдалануды ұсынды.

«Мұндай тәсілде тазалау сапасына кепілдік беріледі, өйткені бәрі қолмен жасалады және әр аймақ өңделеді», — деп атап көрсетілген баяндамада.

stan.kz