ДДСҰ-да коронавирусқа бейім жас туралы мәлімдеді — Қазақстан жаңалықтары
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Қытайда жаңа COVID-2019 коронавирусының таралуын зерттеп, оған барлық жастағы адамдар бейім деген қорытындыға келді. Бұл туралы Қытайдың Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің вирусқа қарсы әрекет ету жөніндегі сараптамалық комиссиясының жетекшісі Лян Ваньнянь айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл аурудың қоздырғышының жаңа түрі, сондықтан ешқандай жас тобында коронавирустың жаңа түріне иммунитет жоқ, олар оңай жұқтырылуы мүмкін», — деді Ваньнянь.
ДДСҰ сарапшылары Пекин, Ухань, Гуандун және Сычуаньда жұмыс істеді. Олардың жұмыс нәтижелері бойынша науқастардың орташа жасы 51 жасты құрайды. Ауру жұқтырғандардың 77,8 пайызы 30-69 жас аралығындағы адамдар. Шамамен бес пайыз жағдайда вирус жұқтырғандармен байланыста болған.
ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесустың айтуынша, бұл індет, індеттен пандемияға әлі ауысқан жоқ, бірақ оның мұндай қауқары бар.
24 ақпанда 80 мың адам COVID-2019 жұқтырған. 2620 науқас қайтыс болды, 25 мыңнан астамы емделді.
stan.kz