ДДСҰ: адамдар антибиотиктерді дұрыс қолданбайды
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2019/02/1549968544.jpg)
ДДСҰ: адамдар антибиотиктерді дұрыс қолданбайды
![](https://pp.userapi.com/c635106/v635106889/1236e/EQN6XT-3W4g.jpg)
Антибиотиктерді ретсіз қабылдау денсаулыққа қауіпті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осындай мәлімдеме жасады. Себебі дұрыс қолданбаған дәріге ағзада төзімділік пайда болып, инфекциялармен күрес қиындайды.
Тіпті АҚШ-та өткен зерттеу антибиотиктер тиімділігінің әлсіреуіне байланысты елде жылына 6 мыңнан аса адам қайтыс болатынын көрсетті. Бұған бұл дәрілерге қатысты халық сауатының төмендігі себеп. 12 елде зерттеу жүргізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осындай қорытындыға келген. Зерттеуге қатысқандардың 64%-ы антибиотиктер тұмауды емдеуге көмектеседі деп санайды. Үштен бірі тәуір бола бастағанда-ақ дәрілерін қабылдауды доғарады екен. 25%-ы дәрігерге көрінбей, кезінде белгілері ұқсас ауруға шалдыққан таныстарының кеңесі бойынша антибиотик ішуге дайын.
Маргарет Чен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры: — Антибиотиктерге төзу қабілетінің артуы жаһандық дағдарысқа айналған. Көптеген мемлекеттер осы мәселенің маңыздылығын мойындап, денсаулыққа төнген ең басты қатерлердің бірі ретінде қарастырып отыр. Бұл әлемнің бүкіл аймақтарына тән мәселе.
http://inform.kz