Дәрігерлер коронавируспен ауырған Тоқтар Әубәкіровтің жағдайын айтты

0

Науқас ауруханаға жатудан бас тартты, делінген аталмыш хабарламада.

Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің коронавирус дертіне шалдыққанына жеті күн болғаны желі арқылы тараған болатын. Бір апта үйінде емделген ғарышке енді ғана ауруханаға жатқызылған.

Дәрігерлер Әубәкіровтың денсаулығы жайлы мәлімет таратты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«ҚР Президентің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасының» хабарлауынша,Тоқтар Әубәкіров  тамыздың 21-і күні жөтелге, тершеңдікке, жалпы әлсіздік шағымдарымен жүгінген.. Жедел жәрдем бригадасы үйге жіберілген. Тексеру бойынша: жалпы жағдайы тұрақты, қанығуы 95%, температурасы 36,6 болған көрінеді. ПТР сынамасы алынған.Ал нәтижесі оң болып шыққан. ПТР нәтижелері бойынша қосымша рецепттер мен ұсынымдар беріледі. Науқастың айтуынша, дертпен 6-шы күн ауырған. Ол Сумамедті өз бетімен қабылдаған, ауруханаға медициналық көмекке жүгінбеген, делінген хабарламада.

Тамыздың 23-і күні .аурухананың мобильді тобы үйде тест алып, кеуде сегментінің компьютерлік томографиясын жасады. Зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері бойынша ол Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар орталығына ауруханаға жатқызылды.

Науқас ауруханаға жатудан бас тартты, делінген аталмыш хабарламада. Ал тамыздың 24-і күні таңертең науқаспен әңгіме жүргізілді, содан кейін ол орташа COVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қалалық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды. Екі жақты полисегментальды пневмония  диагнозы қойлды.

Еске салсақ, ұлт мақтанышының бір апта бойы қараусыз жақтаны жайлы Жұмабике Жүнісова өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ғарышкердің өзінің айтуынша, Нұр-Сұлтандағы Президенттің Іс Басқару мекемесіне қарасты емханада тіркеуде болғанына қарамастан дәрігерлер қандай да бір емдік шаралар жүргізбепті.