Дауыл кезінде ер адам көшедегі үлкен қолшатырмен бірге ұшып кетті (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркияда ер адам дауыл кезінде көшедегі қолшатырды ұстап қалмақ болды. Алайда ол қолшатырмен бірге ұшып кетті.

Дауыл кезінде ер адам көшедегі қолшатырмен бірге ұшып кетті (видео)

Бұл туралы The Independent басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Түркияда қатты дауыл көшедегі үлкен қолшатырларды ұшырып әкеткен. Осы кезде екі ер адам қолшатырды ұстап қалмақ болды. Алайда қатты дауыл оларға көмектеспек болған кездейсоқ жүргіншіні қолшатырмен бірге ұшырып әкетті.

Ер адамның сөзінше, дауыл өзін 3-4 метр биіктікке көтеріп жібергендей сезімде болған. Ол қолшатырдың мұнан да биікке ұшуы мүмкін екенін түсінгенде, төменге секіруді жөн көріпті. 

 

Абырой болғанда, ер адам зардап шекпеген. Алайда қолшатырдың кесірінен басқа адам жарақаттанды. Қолшатыр оның үстіне құлап, салдарынан аяғы мен қабырғасы сынған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz