Домой Жаңалықтар «Даусын естімегендей түр жасадық»: Жарылыс кезінде серуенге шыққан Оқапов сынға қалды

«Даусын естімегендей түр жасадық»: Жарылыс кезінде серуенге шыққан Оқапов сынға қалды

0
445

Әли Оқапов қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтты. Ол 6 қаңтар күні анасымен бірге үйдің ауласында түскен суретін жариялады. Сол күні атыс пен жарылыстың даусын естісе де, түр бермеуге тырысқанын, өзі тұратын үйді қорғауға шыққанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Аса бір ерекшелігі жоқ фото.  Анам екеуміздің үй ауласына серуенге шыққан сәтіміз. Бірақ бір деталь фотоның мағынасын өзгертеді. Ол – сурет түсірілген күн. Фото биыл 6 қаңтар күні түсірілді. Екеуміз де атыс пен гранаталардың жарылысын естімегендей кейіп танытып, кетіп бара жаттық. Қорқынышты болды дегенім ештеңе емес», – деген Оқапов сол күні өзге тұрғындармен бірге үйді қорғауға тырысқанын жеткізді.

«Мәди коронамен ауырып жатты, радио, снайперлер, азық-түлік іздеу, тұман, сирена, БТР, SMS, күту мен дұға ету. Көп нәрсе болды, бірақ оның бәрін айтпайтын шығармын. Себебі барлығында жағдай осындай, тіпті бұдан нашар болды. Барлығы бекер емес деп үміттенемін және сенемін. Бірақ бұрынғыдай болмайтыны анық», – деп түйіндеді Әли.

Желі қолданушыларының бірі қалада «қырғын» болып жатқанда серуенге шығудың әбестік болғанын айтты. Оған Әли:

«Далаға комендаттық сағат басталғанға 5 сағат қалғанда және тек тұрғын үй аумағына шықтық. Біз топ-топпен күзет пен жасақшылардың көз алдында жүрдік. Сондай-ақ полиция тірек пунктінің әрекет аумағында және шекара әскерлерінің снайперлері орналасқан жерден 50 метр қашықтықта болдық», – деп жауап берді.