Дәурені өтейін деген бе? Жол ережесін бұзған Тимур Құлыбаевты полиция тоқтатты

0
2695

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевты жол полициясы тоқтатқан видеосы пайда болды.

Бұл туралы «ABZHAN NEWS» telegram-арнасы хабарлайды.

«Видеода Тимур Құлыбаевтың кортежі жол ережесін бұзғаны және жарқыраған маяктары үшін тоқтатылғаны айтылған. Тәртіп бұзушының қандай жазаға тартылғаны көрсетілмеген» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Молдава ішкі істер министрлігі тұңғыш президент Нұрсултан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен құдасы Қайрат Боранбаевты ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыптады.