Дәурен Қосанов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды
Дәурен Қосанов қорғаныс вице-министрі – Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Тағайындау туралы бұйрыққа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.