Дәурен Берікқажыұлы. «Сен өлесің…»

0

Сен өлесің ел үшін болып құрбан,
Селт етпейді бірі де көріп тұрған.
Күні бойы мемлекет өсек соқты
Тірі адамын отыз жыл өлік қылған!

Сен өлесің…өлмейді өтірік тек!
Кекіріп боп сөйлейді кекілік көп.
Жырқ-жырқ етіп желіде жұртым отыр
Осындайда жылайтын өкіріп кеп.

Сен өлесің қор болып қорқауларға,
Көр қазады арланға көрғау қарға!
Қаннен ғана қаперсіз қазақ осы —
Жан салмайтын алдына сор таңдауда.