Дәурен Абаев ЖОО-лар қандай мамандықтар бойынша білім беруі керек екенін айтты

0
Цифрландыру
©BNews.kz

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жоғары оқу орындары трендтерді ескеріп, маманды нарықтың қажеттілігіне қарай дайындауы қажет екенін айтты.

“Адам капиталын дамыту” бағыты бойынша жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамыту мақсатында еліміздің орта мектептерінде екінші сыныптан бастап “Бағдарламалау негіздері” пәні енгізіліп отыр, – деді Дәурен Абаев.

Министрдің айтуынша, техникалық, кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру салаларындағы реформалар аясында білім беру бағдарламаларын қазіргі заманғы трендтерге сай өзектендіру қолға алынды.

Келешек институтының болжамы бойынша 2030 жылға қарай әлемде мамандықтардың 85%-ы жаңадан пайда болады. Олардың қатарында деректермен жұмыс жөніндегі детектив, қалалық кибераналитик, толықтырылған шындықтағы саяхатты жобалаушы, генетикалық код редакторы, цифрлық тігінші, тіпті, адамдар мен машиналардың командалық жұмысы жөніндегі менеджер сияқты мамандықтар бар, – деді Ақпарат және коммуникациялар министрі.

Ведомство басшысы Қазақстанның жоғары оқу орындары маман даярлау ісінде өз автономиясы шеңберінде қазіргі заманның осындай трендтерін ескеруі керек екенін айтты.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz