Дәурен Абаев отандық өндірушілердің өнімін тұтынатынын мәлім етті — новости Казахстана
Дәурен Абаев «Хабар» арнасының эфирінде отандық өнімдерді пайдаланатынын жасырмай айтып берді. Бұған дейін өткен кеңейтілген кеңесте президент Нұрсұлтан Назарбаев отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға шақырған болатын деп хабарлайды NUR.KZ.
«Елбасы жеңіл өнеркәсіпті дамытуға шақырды. Оның ішінде Made in Kazakhstan брендін дамыту керектігін айтты. Ал сіз Қазақстанда жасалған костюмдерді киесіз бе?», — деп сұрады телеарна жүргізушісі министрден.
«Менің гардеробымда Қазақстанда өндірілген киімдер бар екенін айта аламын», — деп күлді Абаев.
Министр айына 800 мың жұп шұлық өндіретін отандық зауыттардың бірін мысалға келтіре отырып, отандық шұлықтардың бағасы 300 теңгеден аспайтынын айтты.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы зауыттың шұлықтары тек Қазақстанға ғана емес Европа мен АҚШ-тың нарығына шығады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz