Дәурен Абаев 450 миллион теңгеге «Еуразия» кинофестивалін өткізбек

0

Бұл ақпаратты Kozachkov offside телеграм арнасы жариялады.   

«Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кино сүйер қауымға ерекше сыйлық дайындады. Ол өте үлкен сомаға «Еуразия» кинофестивалін өткізуге тапсырыс берді.
Бір қызығы, Министр үнсіз ғана, тіпті конкурс жарияламастан, тек жеткізушіні таңдап, онымен Мемлекеттік сатып алуларсыз келісімшарт жасады. Ал, келісімшартқа спортқа жетекшілік ететін вице-министр қол қойған.
Енді осындай жоспар үшін желге миллион доллар ұшпақ. Ал науқас балаларды емдеуге арналған ақшаны сіз бен біз жинаймыз.
450 миллион теңгенің кинофестивалі кімге керек?
Жазда мәдениет және спорт министрлігі іс-шараны ұйымдастыруға ашық конкурс өткізді, бірақ қиын шарттар қойып, барлық алты компанияны біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп тапты.
Сонда сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?
Бұл шенеуніктер тарапынан жасалатын кедергілер.
Биыл кинофестивальді  ұйымдастыруға Ресей-Қазақстан «Техсервис okno-tv.kz» ЖШС жауапты. Бүгін министрліктің аккаунтында вице-министр Нұрғиса Дәуешовтың берген түсініктемесі жарияланды және ол шенеуніктер FIAPF аккредитациясы бар адамдарға — кинопродюсерлердің халықаралық ұйымына ақша беруге мәжбүр болды деп мәлімдейді.
Мердігермен жасалған келісім-шартта оның барлық тауарға ие және толықтай қызмет көрсете алатыны жазылған. Алғаш рет 1998 жылы өткізілген фестиваль құжаттарға сәйкес, 2018 жылы тіркелген фирманың өнімі көрсетілген. Сонда 20 жылдан кейін тіркелген фирма қалай қызмет ұсынған? Бұл қалай? Бірақ неге ол бұл іс-шараны бұрын-соңды өткізбеген және өз құқығын жарияламаған?
Абаев мырза, барлық құжаттарды көрсетіңіз, себебі сіз өзіңіздің достарыңыздың көмегімен салық төлеушілерден миллион доллар қаржы ұрлағыңыз келген сияқты…