Дәулет Тұрлыхановтың ұлының адвокаттың әйелін ұрып құлатқан бейнежазбасы жарияланды

0

Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың ұлының әйел адамды ұрып талдырған бейнежазбасы тарады.

Tengrinews.kz хабарлауынша, зардап шеккен заңгер аталған бейнежазбаның өзінде, жұбайында және Алматы Бостандық ауданы ПБ полиция қызметкерлерінде бар екенін мәлімдеді.

Шулы  оқиға 11 ақпанда Алматыдағы сауда орталықтарының көлік тұрағында болған. Ұрыс барысында қызды жақтауға тырысқан ерлі-зайыптылар Анна Дмитриевич пен Олег Черновтың зардап шеккені айтылды.

Жарияланған бейнежазбада жас жігіттің алдымен ер адамды ұрғаны, кейін Аннаның бетінен соққы жасағаны анық байқалады.

Анна Димитриевич видео әлеуметтік желілерде тараған соң Instagram-дағы парақшасында жариялағанын мәлімдеді.

– Видеоны тарату біздің бастамамыз емес екенін бірден айтайын. Кейбір пікір жазушылар біз депутаттың баласы тұрған жерге қалай тап болғанымызды сұрапты. Ол әскерде болған, ал біз өз жөнімізбен басқа орында демалдық. Ал енді негізгі сұрақты мен қояйын. Нұрасылды Алматыға 200 шақырымдай жердегі әскери бөлімнен біз демалып жатқан жердге кім алып келді, қалай жетті? Айтпақшы, көше камераларынан түсірілген видеоны зерттей отырып, жанжал біз келгенге дейін басталғанын көруге болады, – деп жазды Дмитриевич Instagram желісінде.