Дау бітті: Қырғызстан мен Өзбекстан келісімге келді

0
43

Бішкек пен Ташкенттің келісімі бойынша, Қырғызстандағы көлемі жөнінен екінші орын алатын Кемпір-Абад суқоймасы Өзбекстанға өтеді. Ал Қырғызстан талқыға түскен барлық қалған аумақты иеленеді.

Бірақ қырғыздардың барлығы оған келісе қоймады. Екі күн бұрын бір топ азаматтар «Кемпір-Абад суқоймасын қорғау комитетін» құратындарын айтты. Кейін олардың үйіне құқық қорғаушы органдары тінту жасады. Көп ұйымдастырушыларды екі күнге абақтыға қамады. Басты себеп: мемлекет ішінде түрлі көтерілістерді ұйымдастырудың алдын алу.

«Бұлар осындай демократияға әбден үйренген, төңкеріс жасап, билікті басып алғысы келеді. Ол демократия емес, охлократия. Мемлекет мұндай төңкеріске жол бермейді, — дейді басшы орынбасары.

Кеше Бішкектің орталығында суқойманы сақтап қалуға арналған марш өтті.

Ақпарат, фото: taunewskz