«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты

0

Ақтау іргесіндегі ұшақ апатынан 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы қаза тапқан еді.

Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар — дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған.

— Жаңа ғана әуе апаты салдарынан қаза тапқандар туралы тың деректер белгілі болды. Олардың арасында 11 жасар Эльдар Жұмағат пен оның анасы да бар. Мұғалімдердің айтуынша, Эльдар — дарынды, мейірімді, әрі еңбекқор бала болған. Ол барлық таныстарының жүрегінде жарқын із қалдырды. Оқу-ағарту министрлігі қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, олардың қайғысына ортақтасады, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, Әзербайжан елордасы Бакуден Ресейдің Грозный қаласына бағыт алған әуе кемесі Қазақстан аумағында апатқа ұшырады.

Бұған дейін еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау қаласы маңындағы әуе апатынан мерт болған отандастарымыздың аты-жөнін жариялады.

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев ұшақтың қирандысы арқылы апаттың себеп-салдары анықталатынын айтқан еді.

Сондай-ақ, ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды.