Дарын Қонысбаев пен Мейірлан Искаков жеңіс тұғырына көтерілді
Қысқа сілтеме алу
Азия чемпионатына 14 елден 69 спортшы қатысты
НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. Қазақстандық Дарын Қонысбаев Оңтүстік Кореяның Кенджу қаласында өткен триатлоннан Азия чемпионатында алтын жүлдені қанжығасына байлады.
20 жастағы талдықорғандық спортшы 23 жасқа дейінгі категорияда үш кезеңнен сүрінбей өтті: жүзу – 1,5 км, веложарыс – 40 км, жүгіру – 10 км. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің спорт комитеті хабарлады.
©
Photo : Предоставлено пресс-службой комитета спорта министерства культуры и спорта Казахстана
Призеры чемпионата по триатлону Дарын Конысбаев (золото) и Меирлан Искаков (бронза)
Осы жарыс тағы бір отандасымыз Мейірлан Искаков үшін де сәтті болды, ол қола жүлдені олжалады.
Айта кетсек, чемпионаттың екінші күні Азияның 14 елінен келген 69 жігіт сайысқа түсті. Олардың арасында Гонконг, Иран, Қытай, Макао, Малайзия, Моңғолия, Непал, Сингапур, Сирия, Филиппин, Тайвань, Оңтүстік Корея, Жапония елдері бар.
23 жасқа дейінгі атлеттер арасында Қазақстан намысын Дарын Қонысбаев, Мейірлан Искаков және жарыста сегізінші орын алған Семен Пивоваров қорғады.
Тағы оқыңыз: Қазақ жігіті рекорд орнату үшін 3 тәулік ұйықтамады
22 маусымда Азия чемпионатында 15 жасқа дейінгі спортшылар және аралас эстафеталық командалар арасында жарыс өтеді. Бұл жарыстарда қазақстандық Александр Тен, Александр Молчанов пен Максим Шмулич, сондай-ақ екі эстафеталық команда бақ сынайды.
sputniknews.kz