«Дарите женщинам цветы»: Танымал қазақ әншісі қара тізімге енді

«Дарите женщинам цветы» және «Песни на кассете» хит әндерімен танымал болған қазақ әншісі Жандәурен Аблаевқа Латвияға кіруге тыйым салынды. Бұл туралы Латвияның сыртқы істер министрі мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz сайты El.kz-ке сілтеп.
Отандық әнші Даугавпилстегі концертте өнер көрсетуі керек болған. Бұл туралы министр Байба Браже X әлеуметтік желісінде жазды. Оның айтуынша, 20 жастағы Абаевқа «Иммиграция туралы» заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға кіруге мерзімсіз тыйым салынды.
Заңның бұл бабында, егер құзыретті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді немесе Латвияға кірген кезде құқық қорғау органдарының қылмысты ашу жөніндегі жұмысына кедергі келтіруі мүмкін деп пайымдауына негіз болса, шетелдікті «қара тізімге» енгізуге болады делінген